Мектеп жаңалықтары


 


 


 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 


 

 


13.12.2022ж. күні қазақстан тархы пәні бойынша 11 «А» сыныбына Lesson Study әдісін қолданып, бақылаушы мұғалімдермен бірлесіп зерттеу сабағы өткізілді.

13.12.2022ж. күні қазақстан тархы пәні бойынша 11 «А» сыныбына Lesson Study әдісін қолданып, бақылаушы мұғалімдермен бірлесіп зерттеу сабағы өткізілді. Тақырыбы: Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.


№44 А(К)ЖББ мектебінде көлеңке театрының сиқырлы әлемі

2022-2023 оқу жылында педагог-психолог Дюсупова А.М. және орыс тілі мұғалімі Биекенова Е.А. оқушыларға арналған көлеңке театры ұйымдастырды. Театр әдеби талғамды қалыптастыруға көмектеседі, эмоционалды жауап беруге үйретеді.


26.10.2022 ж. №44 А (К) ЖББМ-те «Lesson Study технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

2022 жылдың 26 қазанында «№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында бір айлық мектептің даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Lesson Study технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.


14.10.2022 №44 А(К)ЖББМ-те «Менің заң алдындағы жауапкершілігім» атты сыныптан тыс шара өтті

114.10.22 жылы Тарих және құқық пән мұғалімі Жумагулова Ж.С 10-11 сынып арасында «Менің заң алдындағы жауапкершілігім» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.


12.10.2022 күні «Оқушылардың себепсіз сабаққа келмеуінің алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша коучинг өткізілді.

Коучингтің негізгі мақсаты: оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыра отырып, өзекті мәселелері дер кезінде анықтау арқылы, оқушылардың себепсіз сабақтан қалуын болдырмау.


Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған электронды порталдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:

-        қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;

-        сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;

-        барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;

-        жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;

-        еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;

-        тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.

 

 

 

07.09.2022 №44 А(К)ЖББМ-те Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ашық диктант өтті.

ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ашық диктант ұйымдастырылды. Диктанттың мәтініне «Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында текст ұсынылған болатын. Диктанттың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысу. Оқушылардың сауаттылығын арттыру. Мектебіміздің 8 – 11 класс аралығында оқушылар берілген жазба жұмысты 7 қыркүйекте орындады.


01.09.2022 №44 А(К)ЖББМ-те алғашқы қоңырау соғылды.

2022 жылы 1 қыркүйекте №44 А(К)ЖББМ-те алғашқы қоңырау соғылды! Мектеп директоры Г.У.Гумарова «Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын! Білім адам – өміріндегі сарқылмас қазына, адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!»


8.11.2021 ж №44 А(К)ЖББМ-нің география пәні мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебінің І дәрежелі дипломымен марапатталды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған, Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары  ұйымдастыруымен , «Жасампаздық пен даму жылдары» атты тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған І облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысып, 21 қатысушы арасынан топ жарған үздік ұстаздардың бірі – біздің мектептің география пәні мұғалімі Бижанов Дидар Шамильевич, география пәні бойынша І дәрежелі орынға ие болып, және де осы байқаудың «Үздік креативті сабақ» номинациясының жүлдегері атанды.


20.10.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейіне барды

20.10.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ мұғалімдері Д. Ш. Бижанов пен Г. А. Камысбаева 8-11 сынып оқушыларымен бірге Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейіне саяхат ұйымдастырды. Бұл саяхаттың мақсаты - оқушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу.

12.04.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ-те семинар өтті.

"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ 17.02.2021 ж. №38 "Жетекші мектептерді тағайындау туралы" бұйрығының негізінде №44 А(К)ЖББМ және №64 ОМ білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық тәжірибені тарату және алмасу үшін бірлескен жұмыс жүргізуде. Мысалы, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде №44А(К)ЖББМ мұғалімдерінің қатысуымен семинар өтті. Семинардың тақырыбы: "Блум таксономиясы, оның аспектілері". Мұғалімдер мынадай  баяндамалар дайындады:

30.03.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ-те педагогикалық кеңес өтті.

30.03.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ-те педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске 15 мұғалім қатысты. Күн тәртібі бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.С. Сериккалиеваның "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында орыс тілі мен әдебиетінің заманауи сабағын жобалау" әдістемелік тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндамада қазіргі орыс тілі мен әдебиеті сабағының, ондағы мұғалім мен оқушылардың рөлі қандай болуы тиіс негізгі сәттер көрсетілді. Сондай-ақ, дәстүрлі форматтағы сабақтар мен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтар арасындағы айырмашылықты көрсетті. Баяндамада мұғалім сабақта қолданатын сыни ойлаудың кейбір әдістері қамтылды: "Ойлаудың алты қалпақшасы", "Блум түймедағы", "Синквейн".