Іс-шаралар, тренингтер

№44 А(К)ЖББ мектебінде «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасының»

11 қараша 2021ж. №44 А(К)ЖББ мектебінде «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасының» бағдарламасы аясында 8-11 сыныптар арасында оқушыларды зиянды әдеттерден қорғау, алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатында ДТІЖО К.Б.Есенбаева, медбике Л.С.Чабанова, мектеп педагог-психологы А.М.Дюсупова семинар-тренинг өткізді.

№44 А(К)ЖББМ-те «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша кездесу ұйымдастырылды

2021 жылдың 18 қазанында №44 А(К) жалпы білім беретін мектебінде жасөспірім қыздары арасында «Қыз баланың бой жетуі» бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Жиынға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Психологиялық қызмет көрсету орталығының» маманымен біріге отырып М.Т.Жасжанова және мектеп психологы А.Дюсупова қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу,  8-11 сынып қыздары арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізу болып табылады.

№44 А(К)ЖББМ-те «Құпия дос» тақырыбындағы өзін-өзі тану және психология апталығы өтті

22-26.11.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ-те «Құпия дос» өзін-өзі тану және психология апталығы өтті. Апталық аясында, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: ұжым арасында психологиялық ахуалды қалыптастырып,  жалпы эмоционалдық көңіл – күйін жоғарлату, өзара жылы қарым-қатынас пен төзімділікті дамыту. Бір апта нәтижесінде мұғалімдер мен оқушылар арасында қарым-қатынасын нығайтып, өзара жағымды қарым-қатынас орната білдік.

11 қараша 2021ж. №44 А(К)ЖББ мектебінде 8-11 сыныптар аралығында семинар – тренинг өткізілді

Қазақ