ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)

Апелляция: қарастырылған.

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы:

Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.

Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл.

Сонымен қатар әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.                                    

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.

Толығырақ https://testcenter.kz/ru/shkolnikam/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/

Қазақ