2022 жылдың 26 қазанында «№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында бір айлық мектептің даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Lesson Study технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері: «№31 ҚОМ» КММ, «Б.Момышұлы атындағы №62 ЖОББМ» КММ жас мамандары, КММ «Әдістемелік кабинет» әдіскері Темірханова Р.Қ. қатысты.
Семинар КММ «Әдістемелік кабинет» әдіскері Р.Қ.Темірханованың құттықтау сөзімен басталды. Әрі қарай семинар жетекшісі, №31 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі З.Т.Аймағамбетова Lesson Study бағдарламасын жүзеге асыру бойынша зерттеу жұмыстарын қалай жоспарлау керектігін және зерттелетін сыныпты, зерттелетін оқушыларды қалай анықтау керек, сабақтан кейін зерттелетін оқушыларға қалай сауалнама жүргізу бойынша, зерттелген сабақты талқылау бойынша толық мәлімет берді.
Содан кейін әр топ мұғалімдері алған ақпараттары бойынша постерлік презентациялар дайындады. Әрі қарай 3 топ мұғалімдері гуманитарлық пәндер мұғалімдері, жаратылыстану-математикалық пәндер мұғалімдері Lesson Study әдісі бойынша зерттелетін сабаққа ҚМЖ әзірлеп, ортада талқылады. Зерттеу сабағын құрастыруда топ өкілдері қай әдістің сабақтың қай кезеңіне тіимді немесе тиімсіз екенін ажыратып, өз іс-тәжірибелері бойынша ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды. Семинар соңындағы мұғалімдерің кері байланыстары бойынша семинар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, мұғалімдердің интеллектуалдық және шығармашылық бастамасын дамытуға біршама септігін тизігендігі байқалды.