22.02.23 күні 11 «А» сыныбында К.Н.Ибрашеваның химия пәнінен «Карбон қышқылдары» тақырыбында Lesson Study бойынша зерттеу сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра алу. Оқушылар сабақ барысында «Lays әдісі» арқылы үй тапсырмасына жауап беріп, жаңа тақырыпты түсінуге видеоролик қарап, QR код арқылы постер қорғады. Бекіту тапсырмасына есептер шығарып, Learning Apps бағдарламасы арқылы тапсырмалар орындары. Смарт сағат арқылы өз-өзін және бір-бірін әділ бағалауды үйренді. Сабақ соңында «Білім банкоматына» карточкаларын салып, рефлексия жасады. А-оқушысы Ислямова Карина сабақтың барлық бөлімінде белсенділік танытып 10 баллмен бағаланды. В-оқушысы Ғайни Мейрамбектің белсенділігі С-оқушысы Насрадин Асланбектен төмен болды. 5 баллмен бағаланды. С-оқушысы Насрадин Асланбек өзінің деңгейінен жоғары жұмыс жасады және 6 балл алды. Тақырып барлығына түсінікті болды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Психологиялық ахуал «Табан әдісі»
Смарт сағат арқылы бағалау
«Lays әдісі» арқылы үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру барысы