07.02.2023ж. күні мектебімізде география пәні мұғалімі Д.Ш.Бижановтың өткізуімен 11 «Б» сыныбында «Қосымша құны жоғары тауарларды өндіру» тақырыбында «Lesson Study» зерттеу сабағы жүргізілді. Сабақтың мақсаты - - шығармашылық идеялар арқылы қазақстандық тауарларды жарнамалау, өнімдердің танымалдылығын арттыру идеяларын ұсыну. Сабақ барысында «Kohoot», «Learning Apps» бағдарламалары арқылы берілген тапсырмаларға жауап беру кезінде, оқушылардың арасында жоғары белсенділік байқалды. А,В,С зерттеліп отырған оқушылар ерекше назарға алынып, сабақ бойындағы іс-әрекеті мен берілген жауаптары бақыланды. Оқушылар болашақта өз өнімдерді өндіріп, өз брендтерін жасау туралы ой қозғады.
Қазақ