06.02.2023ж. математика пәні мұғалімі А.А.Ташетованың 11 «Б» сыныбында «Геометрия» пәнінен «Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары» Lesson Study зерттеу сабағы өтті.
Оқу мақсаттары: көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу; конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;
Сабақтың мақсаты: конус элементтерін тануға, конустың бүйір және толық бетінің ауданына формулаларды қолданып есептер шығаруға үйрету.
Сабақты жоспарлау кезінде олардың іс-әрекетін барлық оқушыларды оқу-тәрбие процесіне тартатындай етіп құру, практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру міндеті қойылды. Сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық жұмыс түрлерін қолдануды ұйымдастыру жоспарланды.