№44 А(К)ЖББМ-те «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша кездесу ұйымдастырылды

×

Error message

Deprecated function: Array and string offset access syntax with curly braces is deprecated in include_once() (line 20 of /var/www/mektep44-akt/data/www/mektep44-akt.edu.kz/includes/file.phar.inc).

2021 жылдың 18 қазанында №44 А(К) жалпы білім беретін мектебінде жасөспірім қыздары арасында «Қыз баланың бой жетуі» бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Жиынға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Психологиялық қызмет көрсету орталығының» маманымен біріге отырып М.Т.Жасжанова және мектеп психологы А.Дюсупова қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу,  8-11 сынып қыздары арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізу болып табылады.

Жиында мамандар, қыздарға ерте жүктіліктің алдын алу туралы кеңестерін айтып, репродуктивті денсаулықты қорғау тәсілдерін естеріне салды. Сондықтан жасөспірім қыздар бұл жаста жүкті болып, ана атанып, шаңырақ көтеруге емес, білім алуға, сана-сезімін, ойын жетілдіруге тырысқаны абзал. Ерте жүктілік олар үшін өте қауіпті. «Ерте жүктілік» деп 13-18 жасқа дейінгі болатын жүктілікті атайды. Бұл мезгілде қыздарда «өтпелі жас» кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу процесі жүреді. Оның үстіне олар – әлі бала, тұрмыс құрып, жүкті болатын жасқа жатпайды. Ал, психолог өз тарапынан ерте жүктілік қыздардың психологиясына кері әсер ететіндігін тілге тиек етті. Ерте жастағы жүктілік депрессия, неврастения, созылмалы шизофрения және ашық түрлі шизофренияға шалдықтырып жататын жайттар кездесетіндігін айтты. Сондықтан, жиын барысында айтылған мәліметтер түсінікті болу үшін оқушы қыздарға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетті.

Жиын соңында өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды. 

Қазақ