09.11.2023ж. мектебімізде жоғарғы класс оқушыларымен оқушылардың мазасыз және ашулы эмоционалды күйін реттеп, оларға өз эмоциясын жеткізу мен басқалардың эмоциясын дұрыс бағалауды үйрету мақсатында «Мандала» әдісін қолдана отырып арт-терапиясы өткізілді.
Мектеп психологі: Балмаханова Б.С.
2023-2024 оқу жылының І-тоқсанындағы психологиялық қызмет бойынша жүргізілген жұмыстар туралы педкеңес2023-2024 оқу жылының І-тоқсанындағы психологиялық қызмет бойынша жүргізілген жұмыстар туралы педкеңес
Мектебімізде "Баланың бас ұстазы - ата-ана" атты ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша,педагогтерге жоспар бойынша жұмыс жасауға бағыт-бағдар беру ретінде жиналыс өткізілді.Педагог-психолог: Б.С.Балмаханова
21.09.2023. мектебімізде 7-11 сынып оқушылары арасында “Мен кіммін?” тақырыбында 2023-2024 оқу жылындағы алғашқы психологиялық таныстыру сауалнамасы өткізілді.
Мектеп психологы: Балмаханова Б.С.
10.10. 2023. жоспарға сәйкес мектебімізде “Мен кешірімдімін” атты психологиялық тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға өмірдің өтпелі кезеңінде кездесіп жатқан қиындықтарды кешіре білуге
көмектесіп, іштегі ренішті сыртқа шығаруға, жақсылық көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Мектеп психологы: Балмаханова Б.С.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефоны. Әрбір адам көмекке мұқтаж жағдайға тап болуы мүмкін. Сенім телефонына жасырын, тегін және құпия түрде хабарласа аласыз. Сізді тыңдап, дұрыс шешім қабылдап, қиын жағдайдан шығу жолын көрсетеді.
Қандай жағдайда Сенім телефонына хабарласуға болады:
1.Мектептегі қарым-қатынас.
2. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық.
3. Отбасыжағы қарым-қатынас.
4. Физикалық денсаулық.
5. Эмоционалды күй.