Оқушылар кодексі

×

Error message

Deprecated function: Array and string offset access syntax with curly braces is deprecated in include_once() (line 20 of /var/www/mektep44-akt/data/www/mektep44-akt.edu.kz/includes/file.phar.inc).

Жалпы ереже

1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ«Неке және отбасы» Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес жасалды. 

2. Кодекс мақсаты: мектеп қабырғасында қолайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқушылардың бірыңғай ережелері мен міндеттерін енгізу.

Оқушылардың құқығы

Оқушылардың құқығы бар:

- сапалы білім алуға;

- өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;

-оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;

- бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;

- білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек;

өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;

- білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға;

- мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға; 

- оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;

- оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;

- сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;

- қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;

- өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлық-зомбылық, жеке тұлға ретінде жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;

- өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;

- білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;

- өз пікірін еркін айтуға;

- мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен креативті ұсыныстар енгізуге.

Оқушылардың міндеттері

Оқушылардың міндетті:

- мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;

- Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;

- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің  символикасын білуге және сыйлауға;

- сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;

- мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;

-  мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға;

- мұғалім еңбегін бағалауға;

-мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;

- өзінің және басқа оқушылардың  денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға;  

- мектеп формасын міндетті түрде киюге;

- өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға;

- мектеп ішінде ауыстыратын аяқ киім; дене шынықтыру сабағына спорт киімнің болуы;

- мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, оның сақталуын қадағалауға;

- мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;

- мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;

  • оқушы мектепке сабақ басталмай тұрып алдын ала таза, ұқыпты қалыпта келіп, гардеробта сыртқы киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырып, болатын сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындауға міндетті.

        -сабаққа үш күн қатыспағанда, сынып жетекшісіне емханадан денсаулығына байланысты анықтама немесе ата-анасының (ата-анасының құқығын орындаушы, қамқоршысы және т.б.) өтініші  тапсырылуы қажет;

Оқушыларға тыйым салынады: 

-себепсіз сабақтан қалуға;

- сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге; 

- сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;

- білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;

- сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;

- мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;         
- шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды    кию;

-  қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;

- мектепте сағыз шайнауға;

- сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;

- қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;

- техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;

- мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;

- мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге;

- қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш  және қысым көрсетуге;

- қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;

Кодекс ережелерін бұзған жағдайда оқушылардың жауапкершілігі

Барлық оқушылар Кодекс ережелерімен толық танысуы тиіс және барлық нормалар мен ережелерді мүлтіксіз орындауға тиісті. Кодекс ережелерін бұзған оқушылар тәртібі құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінде, педагогикалық консилиумдерде немесе қамқоршылар кеңесінде, қажет болғанда, құқық қорғау органдарында қаралады.

Қазақ